Әлем

Алғаш рет доңыздың жүрегі адамға салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық хирургтар адамға алғаш рет доңыздың генетикалық түрленген жүрегін салды. Дәрігерлер 57 жастағы Дэвид Беннет бұл ота жасалмағанда өліп кетуі де мүмкін болғанын айтып отыр, деп хабарлайды bugin.kz порталы bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша,  науқасқа ота жасағандарына 3 күн өткен, қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Трансплантация Беннеттің өмірін сақтап қалудағы соңғы мүмкіндік болған. Алайда оның қаншалықты ұзақ өмір сүре алатыны әзірге белгісіз.

«Алдымда өлім немесе отаға келісім беру деген екі таңдау тұрды. Ота жасату – менің соңғы таңдауым болды», - дейді ол.

Мэриленд университеті медициналық орталығының дәрігерлері бұл отаны жасау үшін АҚШ-тың медициналық реттеушісінен арнайы рұқсат алған. Өйткені ота кезінде науқастың қайтыс болуы да мүмкін еді.