Bugin
13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ әскерлері Қазақстаннан біртіндеп шығарыла бастайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жедел штабтың отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Ертең ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталады. Мен тиісті мемлекеттердің басшыларымен сөйлестім. Осы сәтті пайдаланып, осы бірнеше күнде жүргізген ауқымды жұмыстары үшін контингенттің басшылығына алғыс айтамын», - деді Тоқаев.