Қақтығыс кезінде «Дикий Арманның» не жоспарлағаны белгілі болды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Алматыдағы қақтығыс кезінде “Дикий Арманның” не жоспарлағаны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Орталық алаңдағы наразылық шеруіне Арман Жұмагелдиев нақты жоспармен шықпақ болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның жақтастарымен ақылдасып жатқанын байқауға болады.

Арман Жұмагелдиевтің қасында бір топ жігіттерден бөлек Алматы қаласы мәслихатының депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайбергенов те бар.

- «Қазір Президент халыққа әңгімелесейік деп тұр. Оған нақты ұсыныс айтуымыз керек. «Шал кет» деген Аблязовтың ұраны, бұл – халықтың талабы емес. Халық мемлекетпен диалог болғанын қалайды», - деді ол видеода.

5 қаңтарда Алматының орталық алаңындағы наразылық шеруіне «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев те келген болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61