Қоғам

Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталды? – ҰҚК жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК Кәрім Мәсімовке және өзге де адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда» - делінген хабарламада.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61