Қоғам

«ҚазМұнайГаз» компаниясына қатысты тергеу басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қатысты тергеуді басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін агенттік «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «СП Қазгермұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС сынды сұйытылған газдың сататын ірі компанияларға қатысты тергеуді бастағанын хабарлаған.