Bugin

Барыс жылы дүниеге келген адамдардың ерекшелігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ жорамалдарында Барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы болып саналған. Бұл жылы өмірге келген жандар да басқалардан ерекше. Bugin.kz порталының тілшісі Барыс жылы дүниеге келген адамдардың ерекшелігі туралы жазады.

Ер адам

Тік мінезді, ашуланшақ адам. Мақсатына жету үшін басын қатерге тіге алады. Тәуекел ететін істерді жақсы көреді.

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» - оның басты ұстанымы. Нәтижесінде таңдаған шешімі оны жетістікке жеткізеді. Өйткені олар алдынан шығатын қиындықтар мен барлық нұсқаларды алдын ала қарастырып қояды.

Өзімшіл. Қырсық мінезінің кесірінен жан-жағындағылармен ұсақ-түйекке бола жиі жанжалдасып қалады. Алайда ұлы істі атқарарда өте адал келеді.

Сыни ойлау, бір көзқарасқа тұрақтылығымен және адамдарға гипноздық әсер ете алуының арқасында барыстардан үздік организатор шығады. Олар тек алға жүреді, қалыптасқан билікті, иерархияны және консерватизмді жек көреді.

Кейде маңызды шешім қабылдар алдында ұзақ ойланғанынан мүмкіндіктерінен айырылып қалып жатады. Барыстар ақшаға қатты қызықпайды, десе де жағдайлары жақсы.

Бұл – сөздің емес, әрекеттің адамы. Әсіресе қиын-қыстау шақта өмір аренасына өзінің ерік-жігерімен, байсалдылығымен, ұстамдылығымен және көпжылдық жоспарымен шығады.

Олар күтпеген жағдайларға жиі тап болады. Барыстар сезімтал, эмоционалды және терең ойланатын қабілетке ие. Махаббатта бақытты бола бермейді, алайда сүйіспеншілігі ерекше.

Әйел адам

Тым белсенді, біреудің бұйрығына көне алмайды. Жұбайлары үй шаруасына арасында көмектессе, барлық нәрсеге үлгере алады.

Барыс жылында өмірге келген әйел адамдар ерлерден кем емес. Тіпті, күші, мақсатына жете алуы мен қуаттылығы жағынан ерлерді басып озады деуге болады. Олар күшті және ерекше дауыс тембрлі келбетті жандар, қимылдары мен әрекеттерінен сенімділік байқалады.

Күреске құштар. Күтпеген жағдайлар орын алғанда қорқынышқа бой алдырып, абдырап қалмайды. Идеялары бітпейді.

Олар интеллектуалды қызметке, ғылыми зерттеулерге және жаңа дүниелерді істеуге қызығады. Барыс жылында дүниеге келген әйелдердің өмірінде көптеген шытырман оқиғалар болады, тіпті, кейде жаман аяқталуы да мүмкін. Айта кетейік, барыстар үшін тепе-теңдікті ұстау қиынға соғады.