Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚырғызстанда ұнның екі айлық қоры ғана қалды. Бұл туралы 13 қаңтарда Бішкекте өткен брифингте «Ұн тартушылар қауымдастығының» төрағасы Рустам Жүнушов мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, бұрын жасалған келісімдер бойынша Қырғызстан бидайды Ресейден алады.
Сондай-ақ ол Қазақстанмен шекара жабылған жағдайда Қырғыз Республикасында өндірілген ұнды және Ресей Федерациясынан жеткізілетін бидай есебінен экспортқа шығуға тыйым салу арқылы халықты ұнмен қамтамасыз етуге болатынын айтты. Рустам Жүнішов сондай-ақ елімізде ұн бағасы бұрынғы деңгейде сақталып, тек Талас облысында ғана азғантай қымбаттағанына сендірді.
Қырғызстандағы ұнның басым бөлігі Қазақстан мен Өзбекстаннан келеді.
Өткен жылы құрғақшылық пен суармалы судың жетіспеушілігінен Қырғызстанда бидай 41,4 пайызға, арпа 58 пайызға төмендеген. Осыған байланысты астық бағасы 40 пайызға дерлік қымбаттады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін министрлер кабинеті ұнды экспорттауға уақытша тыйым салды, сондай-ақ астық пен ұн импортына қосылған құн салығын алып тастады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61