Bugin

LRT ісі бойынша іздеуде жүрген Сұлтанбеков Кәрім Мәсімовті кінәлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Astana LRT ісі бойынша күдікке ілініп, АҚШ-та қашып жүрген Қанат Сұлтанбеков Facebook желісіндегі парақшасында Кәрім Мәсімов туралы жазба жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Кейбірі қолына шексіз билік түскенде құдайдан асып кеттік деп ойлайды. Сен солардың бірісің. Сенің қолың қанда, орның тозақта! Сен заңсыз қудалап немесе алдаған адамдардың қайғы-қасіреті мен көз жасы жібермеді!

Сені ҰҚК тергеу қапасының жылы суы мен тоңазытқышы бар «VIP» камераға отырғызбайды деп үміттенемін. Қамауға алынған басқа адамдар сияқты екі аптада бір рет жалпы душқа түсіп, «тоңазытқышың» далада болады деп сенемін.

Енді сіз, Мәсімов, неліктен Astana LRT жобасын тергеуге қатты кедергі келтіргеніңіз және өзіңізге берілген барлық өкілеттіктермен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын ұрлады деп маған барлық айыптарды арта салғаныңыз белгілі болды. Сіз 2015 жылдың желтоқсанында осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай Даму банкінен несие алудың бастауында тұрдыңыз», – делінген nege.kz сайтының материалында.