Қоғам
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі бас санитардың жаңа қаулысын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz сайтын хабарлайды.
Қаулыға сәйкес демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимін:
- «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;
- «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;
- «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз етсін, - делінген хабарламада.
Толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыз.