Қоғам

30 жыл бұрынғы ісі үшін Горбачевті сотқа берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Литвада 30 жыл бұрынғы ісі үшін КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачевқа қатысты іс қозғалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1991 жылы 13 қаңтарда кеңес әскерлерінің Вильнюстегі телеорталықты басып алуы кезінде 14 адам қаза тапқан оқиғаға байланысты КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачевқа қатысты азаматтық іс қозғалды.

Вильнюстегі телеорталық шабуылынан қаза тапқандардың туыстары Вильнюс аудандық сотында азаматтық шағым түсірді.

Талапкерлер атап өткендей, олар КСРО-ның сол кездегі Президенті Горбачев КСРО Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы бола тұра, 1991 жылғы 11-13 қаңтарда армияны басқарған, алайда ол елдегі агрессияны басу үшін әрекет жасамаған.

Қайғылы оқиғалар алдында (1990 жылы наурызда) Литва КСРО-дан өз тәуелсіздігін сұраған еді.

Бұған дейін КСРО-ның бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін де Егеменді мемлекеттердің конфедералдық одағын құру арқылы сақтап қалуға болатынын айтқан болатын.