Қоғам
Алматы әкімдігі әлеуметтік желіде тараған Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- «Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімі жұмыс орнында өз міндетін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.