Қоғам
Франция соты Қазақстандық қашқын экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылдың қазан айында Париж соты 57 жастағы Әблязовке «мән-жайды ауырлататын жағдайда сенімді теріс пайдаланып, ақша жылыстатты» деген айып тақты. Франция билігі оны бостандықта, «сот бақылауында» қалдыруды шешті. Бұл ешқайда шықпау туралы қолхатпен бірдей, бірақ жарты миллион еуро кепіл төлеуге міндеттеді.
Sputnik.kz мәліметінше, кейінірек БАҚ егер Әблязов ел билігінің пайдасына кепіл енгізбесе, қамауға алынуы мүмкін екені хабарлады. Бейсенбі күні Әблязов ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалаудың тоқтауына қол жеткізді.
Десе де, Франс Пресс атап өткендей, БТА банкінің заңгерлері кассациялық шағым түсірді, сол себепті Париждің апелляциялық сотының шешімі түпкілікті емес.