Bugin

Мәжіліс депутаты Елбасы туралы: «Енді ол кәдімгі қатардағы зейнеткер»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Назарбаевтың мемлекет ішінде ешқандай құзыреттілігі қалмағанын жеткізді. Бұл туралы ол «Қасқа жол» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- Ол кісі барлық міндетін тапсырды. Тіпті Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығын тапсырды президент мырзаға. Енді әрі қарай ол кәдімгі қатардағы зейнеткер шығар. Бірақ, мемлекет ішінде оның құзыреттілігі қалмады. Сондықтан әрі қарай біз тек осы Президентпен жұмыс істеуіміз керек - деді Азат Перуашев.