Bugin

Қазақстанда Pfizer вакцинасы ақылы болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова қазір Денсаулық сақтау министрлігінде Pfizer вакцинасын ақылы түрде егу мәселесі қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасы 60 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін қолжетімді болатынын хабарлаған еді. Жалпы алғанда, Қазақстан 12 жастан асқан балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін Pfizer препаратының 4 миллион дозасын сатып алды.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина барлығына ақылы түрде болатыны туралы айтқан болатын.