Bugin

Мәсімовтің басқаруында болған тағы бір нысан белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәсімов Қазақстандағы ең қуатты БАҚ-тың бірін басқарған.

Бұған дейін «Ферғана» сарапшылары жазғандай, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов те Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі «мықты ойыншы» болған, деп хабарлайды bugin.kz порталы «ВЫХОД К ПРАВДЕ» telegram арнасына сілтеме жасап.

Ол 10-12 жыл бұрын жеке медиа құрылымдарын құра бастаған.

Сонымен қатар Мәсімов БАҚ қызметін ұйымдастыруда дәстүрлі орыстар мен украиндардың қызметін пайдаланбай, Батыс Еуропадан, атап айтқанда, Германиядан мамандар шақырған. Ал бұл қадам сәйкесінше жемісін берген.

Бір жылдан кейін Мәсімов басқаратын медиа ресурстар елдегі ең танымал БАҚ-тың біріне айналады.

«Ферғана» сарапшыларының пікірінше, қазіргі уақытта Мәсімовтің «медиа патшалығына» келесі бұқаралық ақпарат құралдары кіреді:

• СТВ телеарнасы;

• «7-арна»(соңғы мәліметтер бойынша ол BTS Digital компаниялар тобына қайта сатылған);

• «Tengri-FM» радиостанциясы;

• «Tengri-TV» интернет-телеарнасы;

• «Алаш айнасы» газеті;

• Vesti спорттық интернет-басылымы;

• TengriNews ақпараттық-сараптамалық порталы.