Қоғам

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал-Атырау тасжолында «КамАЗ» бен Toyota Camry көлігі соқтығысып, апат салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды bugin.kz порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Полицияның айтуынша, жол апаты 14 қаңтарда сағат 7.55-те болған. Осы орайда БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеме жасады.

«Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шығып, жол апаты салдарынан бес адам қаза болды. ҚР ҚК-ның 345-бабы «Жол-қозалысы ережісін бұзу» бойынша соталды тергеу басталды», - дейді олар.

Жеңіл автокөлік толық жанып кеткен. Ал қаза болғандардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі айтты.