Қоғам

«Наурызда шарықтау шегі болмақ»: Коронавирусқа болжам жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжабарова қалада коронавирус инфекциясының таралуының оптимистік және пессимистік сценарийін айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Бұның бәрі «омикрон» штамы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай «дельта» штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі коронавирус толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз», - деді ол.

Оптимистік болжамға сәйкес наурыз айынының ортасында тәулігіне коронавирустың 2500 жағдайы тіркелсе, пессимистік сценарий бойынша 3800 жағдайы анықталмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті.