Қоғам
Алматыда қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің отбасына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 3 бөлмелі пәтер беруге уәде берді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарда Сейфуллин және Сәтпаев көшелерінің қиылысында төрт баласымен келе жатқан көлікке оқ атылады. Атыс салдарынан көлікте болған 4 жасар қыз қайтыс болады. Ал 9 сыныпта оқитын қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр.