Bugin

Кімдердің кредит төлеу мерзімін шегере алатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қарыз алушымен келісу бойынша кредиттік ұйым айқындаған кезеңге несие төлемін кейінге шегере алады, деп хабарлайды деп хабарлайды bugin.kz порталы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтына сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуі салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті.

«Банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімін қарау кезінде олардың қаржы жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады», - делінген хабарламада.

Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда, шегеру мерзіміне сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады, оған мыналар кіреді:

• өсімпұл мен айыппұл есептемей, кредит және пайыздар бойынша негізгі борышты толық көлемде төлеу;

• кейінге шегеру мерзіміне тең немесе мерзімін сақтай отырып, бірақ ай сайынғы төлемді қайта есептеу және ұлғайта отырып, несие мерзімін ұлғайту не қарыз шартында немесе қарыз алушының өтінішінде көрсетілген өзге өтеу тәсілі;

• оң несие тарихын сақтау;

• төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі берілгені үшін комиссияның болмауы.

Кредит төлемін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсететін банкке немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін өтінім бере алады.