Bugin

Қақтығыс кезінде оқ тиген жігіт болған оқиғаны айтып берді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде оқ тиген Арман Әділханов полицейлер мен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыс кезінде қалай жарақат алғанын айтып берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

- «5 қаңтарда мен демонстранттар арасында болдым. Мен жақын жерде тұрамын, бірақ мен әскерилерге жолаған жоқпын. Олар әскерилермен сөйлесті, граната лақтырды. Мен ол жерге әдейі барған жоқпын. Бірақ арнайы техника келіп, олар сол жерден оқ жаудырды. Біз сонда тұрдық. Ең алдымен жұрт әкім келсін деп айғайлады. Әкім келмеген соң гранаталарды халыққа лақтырған. Ал олар тас лақтыра бастады. Сөйтіп жанжал басталды. Оқ маған әскери көліктен тиді. Бірақ иығына тигені қайдан шыққанын білмеймін. Мен құладым, екінші оқ иығыма тиді. Мен ес-түссіз қалдым, жігіттер ауруханаға алып кетті, қарапайым адамдар. Жедел жәрдем болған жоқ» - деді ол.