Сөйлеу мәдениетіңізге қаншалықты көңіл бөлесіз?

Тіл нормасында дұрыс сөйлеу, ақпаратты сауатты жазу бірінші орында тұрады. Осы орайда, Qazaqstan Ұлттық арнасынан таратылатын "ТАҢШОЛПАН" телебағдарламасының бас редакторы - Олжас Қасым тіл нормасы және сөйлеу мәдениетіндегі сөздердің дұрыс қолдану заңдылықтарын атап көрсетті...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Назарларыңызға рақмет»

Дұрысы: (Назар абстракті ұғым. Назар салғандарыңызға немесе аударғандарыңызға);

«Түрмеге тоғытылды» (адамға қарата айтуға болмайды)

Дұрысы: (қой тоғыту, май тоғыту);

«Бешбармақ»

Дұрысы: (ет асу, ет пісіру, ет жеу);

«Жаңбыр жаууы күтілуде»

Дұрысы: (жаңбыр жаууы мүмкін, синоптиктер жаңбыр жауады деп болжам жасап отыр);

«Атқа отырды»

Дұрысы: (атқа мінді);

«Үлкен рақмет» 

Дұрысы: (Көп рақмет);

«Алаңдаушылық білдіріп отыр»

Дұрысы: (Алаңдап отыр);

«Өз кезегінде»

Дұрысы: (Реті келгенде);

«Танымалдылыққа ие болды»

Дұрысы:(Танымал);

«Айтатын боламыз, жазатын боламыз, баратын боламыз»

Дұрысы: (Айтамыз, жазамыз, барамыз);