Bugin

Тоқаев Бас прокуратураға маңызды тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қайғылы қаңтар» оқиғасы кезінде ұсталғандардың жазасын мүмкіндігінше жеңілдетуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тоқаев «Қайғылы қаңтар» оқиғасы мен төтенше жағдай кезінде 2 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты. Президент кінәлілердің барлығы тиісті жазасын алатынын айтты. Бұл жағдайда ауырлататын мән-жайлар болмаса, жаза жеңілдетіледі.

- "Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн", - деп жазды президент.