Қоғам

ҰҚК ұсталғандардың діни ұстанымдары туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы Үшбұлақ ауылының маңынан күдікті екеу ұсталды. Екеуі де Қазақстан азаматы. Бұл туралы Bugin.kz Хабар 24-ке  сілтеме жасап хабарлайды.

«Бірақ деструктивті діни бағытты ұстанған болуы мүмкін. Күдіктілерден діни кітаптар алынған. Қазір олардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал үлкен Алматы көлінің жанында көлікте отырған, жеке куәлігі жоқ 5 адам ұсталды. Тексере келе олардан 12 калибрлі винчестер, 1 травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 мың теңге табылды. Артынша, мегополистегі дүрбелеңде қару-жарақ дүкенін тонағандары анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Кіші Дехан елді мекенінде де бүлікке қатысқан 19 адам қолға түсті.

Сонымен қатар Алматы және Талдықорған қалаларындағы бүлікке қатысы болуы мүмкін 184, шекара заңын бұзған 41 адам ұсталды. 13  суық қару, 185 дана оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. 1 автокөлік ұрланған болып шықты» - делінген хабарламада.