Қоғам

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

ҚазАқпарат мәліметінше, қордың Қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқына» бірауыздан қоғамдық әлуметтік қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады.

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ – ның жоғары басқару органы ретінде Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган ретінде Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган болып Басқарма және бақылаушы орган болып Тексеру комиссиясы тағайындалады.

Болат Бидахметұлы Жәмішев 1957 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Одан кейін агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру мен экономика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.  

1974 жылы – Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас зертханашысы;

1981-1984 жылдары – "Балтабайский" совхозының экономисі;

1987-1992 жылдары – ғылыми қызметкер, агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру және экономика ғылыми-зерттеу инситутының ғылыми хатшысы;

1992-1993 жылдары  – Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары;

1993 жылы Ұлттық банкте мемлекеттік қызметті бастады. Алғашқы лауазымы – зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары; 

1997 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұлттық зейнетақы агенттігінің директоры қызметіне тағайындалды;

1997-1999 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

1999-2001 жылдары, сондай-ақ, 2002-2003 жылдары – қаржы вице-министрі және бірінші вице-министр болды;

2001-2002 жылдары ішкі істер вице-министрі;

2003-2004 жылдары – Ұлттық банк төрағасының орынбасары;

2004-2006 жылдары – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің төрағасы;  

2006-2007 жылдары – Еуразия даму банкі басқарма төрағасының орынбасары;

2007-2013 жылдары – қаржы министрі;

2013 жылдың қараша айынан бастап 2014 жылдың тамызына дейін – өңірлік даму министрі;  

2014-2019 жылдары – "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы.

2020 жылдың сәуірінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып тайындалды.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61