Қоғам

Экология министрлігі ұжымы «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аудармақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биыл 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды. ​Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға шешім қабылдады», - делінген министрлік хабарламасында.