Қоғам
Дариға мен Әлия Назарбаевалардың күйеулері «Қазтрансгаз» және «Қазтрансойл» ұлттық компанияларындағы жұмыстан босатылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазтрансойл» АҚ бас директоры және басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен босатылды. Ол 2016 жылы 6 тамызда бірінші президенттің кенже қызына үйленіп, жоғары лауазымды қызметке тағайындалды.
Ал «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған тұңғыш президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның жолдасы Қайрат Шәріпбаев та жұмыссыз қалды.