Қоғам

Алматыда соққыға жығылған полицейлердің видеосы жарияланды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қалалық ПД полицейлерді ұрып-соғып жатқан бейнелерді көрсетті. Бұл Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жинақ 4-5 қаңтар аралығындағы бейнебақылау жүйелерінің деректері мен әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалған. Еске сала кетейік, жүздеген агрессивті адамдар тәртіпсіздіктерді, тонауды және басқа да заңсыз әрекеттерді басу кезінде полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан.

Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде Алматы полициясының үш қызметкері қаза тапты, тағы 185 тәртіп сақшысы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.