Bugin
Алматыдағы мәйітханалардан 41 адамның мәйіті ұрланған. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Сол күндері мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен» - деді Полиция департаментінің бастығы Қ.Таймерденов брифингте.
Лаңкестік кезінде Алматы қаласында 149 адам қаза тапты. 149 адамның көпшілігі террористер және солардың қолынан қаза болған тұрғындар.
Кеше Бас прокуратура ел бойынша 225 адамның қаза тапқанын, олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы бұзақылар екенін жариялады.