Bugin

Қарағандыда жол көрсеткіштеріндегі жазу Нұр-Сұлтан орнына Астана деп өзгертілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда Нұр-Сұлтан қаласының атауы жол көрсеткіштерде өзгере бастады. Енді Нұр-Сұлтанның орнына бұрынғы Астана атауы қолданылады. Бұл туралы Facebook парақшасында Денис Малинов есімді тұрғын бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

 

Ал, Қарағанды әкімдігі Астана деп жазылған жол көрсеткішті өзгерткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

- «Ақпарат шындыққа жанаспайды» - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қарағандының «7-ші магистраль» автомобиль жолындағы ескі жол көрсеткішін әлі ауыстыруға үлгермеген. Бұл көрсеткіш биыл автожолды күрделі жөндеу аясында ауыстырылады, деп сендірді әкімдік.