Weekend
Адамның өмірде табысты болуы неге байланысты?
Адамның өмірде табысты болуы неге байланысты? Бұл сұрақтың жауабын дербес коучингтің негізін қалаған Томас Леонард. Ол табысты өмір сүру формуласының құрамдас бөліктерін ойлап тапқан.
Әрбір құрамдас бөліктің болуы шарт. Онсыз формула іске аспайды. Томас Леонард ұсынған табыс формуласы мынандай: 10% + 40% + 50%=100%.
Формуладағыалғашқы қосылғыш бұл сіздің білім, яғни, тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз. Қанша таңдансақ та, білім табыстың 10 пайызын құрайды екен. Айналамызда тамаша білім алған, ғылымның сан- саласын меңгерген, өзінің болашақтағы дамуына қаржысы мен қолда бар мүмкіндіктерін аямаған адамдардың тұрмыс деңгейінің керемет емес екендігін көреміз.
Бұған не себеп?
Мәселе, бойда бар білім мен біліктіліктің жұмыс істеуіне қажетті әлі де 90 пайыздың ол кісіде жоқтығында. Алған білімін, жинақтаған іс – тәжірибесін өмірде пайдалана алмайды.
Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
Табыс формуласының екінші қосылғышы – ойлау қабілеті. Біздің табысқа жетуімізде ойдың алатын орны 40 пайыз екен. Өзіміз шектеу қоймасақ, ойымыздың қуаттылығында шек жоқ. Адам - өз ойының жемісі. Адамның өзі туралы ойы оның болмыс - бітімін қалыптастырады. Адам өзі туралы не ойлайды, күнделікті өмірде дәл солай әрекет етіп отырады. Өзі нені күтеді, соны жүзеге асырып, соның нәтижесіне қол жеткізеді. Адам өмірге деген іңкәрлікпен ұмтылып, алға қарай қадам басса, өмір де адамға дәл сондай жақсылықты тарту етеді.
Өз өміріңізді өзіңіз қолға алып, өмірлік күрестің жеңімпазы атанып, табысты тұлға болғыңыз келсе - талпыныңыз. Ойыңыз бен ісіңіз бір арнаға тоғысып биік шыңдарды бағындырасыз. Кез келген ұлы іст, үлкен қадамдар, өнер туындылары, ғажайып сарай салу, ғарышқа ұшу, жақсы көрген адамыңа қуаныш сыйлау, өзің де қуана білу бәрі – бәрі адамның ойынан басталады.
Ол үшін не істеу керек? Өз ойыңызға талдау жасап көріңіз.
Өзіңіз туралы қандай ойдасыз?
Мені қоршаған әлем қандай?
Менің қолымнан не келеді?
Өз қателіктеріме және өзгелердің қателіктеріне қалай қараймын?
Ойымды өзгерту керек пе?
Осы сұрақтарға жауап беріп болған сон, қорытынды жасаңыз.
Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені, бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.
Табыс формуласының үшінші қосылғышы табысқа жетуіміздің 50 пайызын құрайды. Осынау үлес салмақтың маңызы зор. Бұл -сіздің ортаңыз, сізді қоршаған жандар. Бұл құрамдас бөлік неге маңызды? Өйткені, айналамыздағылар, біздің ойымызға нені үйренетіндігімізге, іс - әрекетімізге тікелей әсер етеді. «Досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтып берейін» деген сөз бекерге айтылмаған. Адамның айналасындағы қоршаған орта ойын, мінез, құлқын, өмірлік мақсаттары мен ұмтылыстарын түбегейлі өзгерте алады. Сондықтан өзіңізді әрдайым алға қадам басуға итермелеп, жақсылыққа жетелейтін орта қалыптастырыңыз. Өзін дамытып, жеке тұлға ретінде өсуге үнемі ұмтылыста жүретін адамдармен бірге болыңыз. Олардан қалай нәтижелі әрекет етуді, жетістіке жетудің жолын табуды үйреніңіз. Сол жолда сіз армандап жүрген биікке қол жеткізген адамдардан үлгі алыңыз.
Сіз армандайтын жетістіктің құпиясы, табыстың кілті осында!