Bugin
Терроризмге қарсы операция басталғалы Алматыда заңсыз әрекеттерге, тонау мен басқа да қылмыстарға қатысқан 2601 адам ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы қала комендатурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Барлығы 127 атыс қаруы мен 4077 оқ-дәрі тәркіленді.
Соңғы 24 сағат ішінде «102» консоліне небәрі 329 хабарлама келді. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 48 дабыл түскен. Барлық хабарлар өңделді.