Bugin

«Атамекен» ҰКП басшысы Құлыбаевтың «соңғы сөзі»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы болып сайланған қызметінен кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҰКП сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Съезд делегаттары мен президиум мүшелеріне маған сенім артқандары үшін алғыс айтқым келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары қадағалау органын сегіз жыл бойы басқарғаным мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. «Атамекен» ҰКП-ның қатардағы сарапшылардан бастап облыстық филиал басшыларына дейінгі үлкен ұжымына бірлескен мазмұнды жұмысы үшін ерекше алғыс айтамыз», - деді Тимур Құлыбаев.

Ол Палатаның басым бағыты әрқашан кәсіпкерлік құқығын қорғау болып табылатынын атап өтті. 8 жыл ішінде ҰКП-ға 41 мың өтініш түсіп, оның 40 пайызы оң шешімін тапқан.

- «Мемлекет басшысы 2022 жылдың 11 қаңтарында өз сөзінде «Атамекен» мен бизнес қауымдастығының басым бағыттарын атап өтті. Халықтың кірісін арттыру бағдарламасын әзірлеу, импортқа тәуелділікті азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту сынды тапсырмалардың барлығы АЭС-тің сөзсіз басымдылығында болады», - деді Тимур Құлыбаев.