Bugin

Экс-министр Біртановтың ісі сотқа жіберілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қылмыстық ісі сотқа жол тартты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Бүгінгі күні іс сот талқылауына қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья 5 тәулік ішінде келіп түскен іс бойынша жалпы немесе қысқартылған тәртіпте басты сот талқылауын тағайындау немесе алдын ала тыңдау туралы шешім шығарады», - деді оның адвокаты Дмитрий Куряченко. 

Біртанов билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Оған қатысты іс бойынша оның орынбасары Олжас Әбішев күдікті.