Bugin

«Саяси тұтқын» деп танылған қоғам белсендісі қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белсенді, ақын, «саяси тұтқын» деп танылған Кенжебек Әбішев қайтыс болды. Қаралы хабарды Азаттыққа Әбішевтың әйелі Гүлмира Әбішева растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

– Таңғы бес жарымда жүріп кетті. «Асқазаным шеге жұтып қойғандай боп, ауырып тұр» деп шағымданды. Жедел-жәрдем шақырып ем, олар келгенше жүріп кетті. «Жүрегі, инфаркт» деді. Қуанышым ұзаққа бармады ғой, көнем ғой, не істеймін басқа? – деді белсендінің әйелі.

Айта кетейік, марқұм Әбішев былтыр 13 қазанда шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан еді. Жазасының қалған бөлігін бостандығы шектелген күйі өтеуі керек еді. 2018 жылғы 21 желтоқсанда Кенжебек Әбішевті Алматы облыстық соты «терроризмді насихаттады» деген айыппен жеті жылға соттады.