Спорт
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Елдегі ең үздік теннисші Елена Рыбакина апта сайын өз позициясын жақсартып, мансап сатысын бірте-бірте жоғарылатады», - делінген хабарламада.
Юлия Путинцева да бір сатыға көтеріліп, қазір 42-орынға жайғасты. Ал Зарина Дияс өз орнын төрт сатыға жақсарта алды, ол қазір 104-ші орында.