Қақтығыс кезінде әскерилердің соққыға ұшыраған видеосы жарияланды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook қолданушысы Жандос Құрманбаев Алматының орталығында қарақшылардың әскери қызметкерлерді ұрып-соғып жатқанын көрсететін видео жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

- Сол күндері Алматыдағы оқиғаның куәгері болдым. Дәл тереземнің астынан 5 қаңтар күні сағат 14:40-та Ұлттық ұланның 1200-ге жуық жауынгері мен 500-дей ОМОН өтті. Олардың соңынан менің болжамым бойынша 15 мыңдай адам өтті, олардың едәуір бөлігі әскерилерден алынған таяқтармен, арматуралармен, қалқандармен және дулығалармен қаруланған.

Менің бағалауым мен 5 қаңтарда жарияланған бейнематериалдағы дәлелдер бойынша, «шерушілер» арасында таяқпен қаруланған кем дегенде 3 мың агрессивті адам болған. Негізінен 17 мен 25 жас аралығындағы жастар. 

Менің телефоныма жиналған жұрт Ұлттық ұлан мен ОМОН-ның үш жауынгерін аяусыз ұрып-соғып, тепкілеп жатқан видео түсірілген. Ес-түссіз күйде болған әскерилер басынан соққы алған. Осыдан кейін де 5-7 адам келіп, онсыз да сылқ түсіп жатқан солдаттың басынан теуіп жібереді.

Басы шайқалып, соққының астында қалған әскери қызметкерлер олардан құтылу үшін жолға шығады, бірақ жаңадан келген бұзақылар жәбірленушілерді аямай ұрып-соғуда.

Олар да біздің адам, қазақ. Оның да анасы бар, үйде балалары күтіп отыр! Қызмет бабында біреудің өмірін қиюға кім құқық берді? Бұл оның жұмысы, ол тек бастықтардың бұйрығын орындайды. Оларды неге қырып жатырсыңдар? - деп жазды желі қолданушысы. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61