Bugin

Тынық мұхитындағы су асты жанартауы атқылады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тынық мұхитында су астындағы жанартау көтерілді. Бұл туралы Bugin.kz порталы bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай Полинезия аралындағы Тонга Корольдігінің астанасына жақын жерде орналасқан. Жанартау атқылауы 15 қаңтарда болған. Бірақ аралда байланыс үзілгендіктен, оның нақты салдары мен құрбандары туралы әзірге ақпарат жоқ. Перудағы жанартау атқылауынан туындаған цунами кезінде екі адамның қаза тапқаны туралы деректер бар.

Сондай-ақ жанартау атқылауы болған Жапонияда, Фиджиде және Аляскада лава, түтін және күл бағандарының биіктігі 20 км-ге жеткені және алыстан найзағайға ұқсас дыбыстар естілгені айтылуда. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жер бірнеше минут бойы сілкінген.

Тонга жанартауының атқылауы үш метрлік қуатты цунамиді тудырып Полинезияны ғана емес, жапондық Амами мен Токара аралдарын да шарпыған.

Ғалымдар бұл атқылауды соңғы 30 жылдағы ең күшті деп атады. Жер серігінен алынған кадрлар бұл табиғи құбылыстың ауқымын көрсетеді.