Қоғам

Болат Жәмішев басқаратын қорға осы күнге дейін қанша қаражат түсті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 қаңтар күні таңертең Қоғамдық қорға 6 519 қазақстандықтан 10.1 млн теңге түсті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Қазақстан халқына» Қоры арқылы қайырымдылыққа «Kaspibank» АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд. теңге, «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ - 2 млрд теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС - 350 млн теңге және басқа да заңды тұлғалар елеулі үлес қосты.

Жалпы, заңды тұлғалардан 12.36 млрд теңге түсті.

Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.