Қоғам

БҒМ мұғалімдерді «Қазақстан халқына» ақша аударуға міндеттей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуәлиева әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, Білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары бұдан хабардар, сұрақ туындамайды деп үміттенемін», - деп жазды баспасөз хатшысы Facebook-те. 

Inbusiness.kz мәліметінше, Мөлдір Абдуалиева мұндай мәселе туындаса, тікелей өзіне хабарласуға болатынын атап өтті.