Bugin

Әсет Ырғалиев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әсет Ырғалиев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінен кетті. Ұлттық компания басшылығындағы өзгерістер туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ KASE-ге 2022 жылғы 11 қаңтардағы жалғыз акционердің шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлады:

– Әсет Ырғалиев шығарылды;

– Әлібек Қуантиров сайланды.

«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы жеті адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Вячеслав Ким, Данияр Ақышев, Әлібек Қуантыров», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әсет Ырғалиев 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болған. 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.