Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКөлікті мас күйінде басқарған Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев сот алдына келді, деп хабарлайды bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Лауазымды тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
«Сот мәліметінше, Шалқыбай Әзірбаевтың Ақтау–Форт-Шевченко тас жолының 3-ші шақырымында көлікті мас күйінде айдағаны белгілі болды. Психоактивті затты қолдану фактісін анықтау бойынша медициналық сараптаманың қорытындысы қандағы алкогольдің пайыздық құрамы 0,73 екенін анықтады», - деп хабарлады Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот отырысында Форт-Шевченко қаласының әкімі өз кінәсін мойындамаған. Оның айтуынша, ол алкогольдік ішімдіктерді ішпеген, тек «ауруына байланысты мойнын спиртпен сүрткен».