Bugin
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көретіні туралы жазды. Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаевқа да, Иманғали Тасмағамбетовке де сүйіспеншілігі ерекше екенін жасырмады. Бұл туралы ақын желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да өз басым Елбасын ерекше жақсы көрем. Бұл жүрегіме Алла салған сүйіспеншілік. Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевты да, Мырзатай Жолдасбековті де, Қасымжомарт Кемелұлын да, Иманғали Нұрғалиұлын да, Қырымбек Елеуұлын да, Бердібек Мәшбекұлын да жақсы көрем.
Бұлар мен үшін әкім, премьер, мем.хатшы, президент т.б емес, Тәуелсіз Қазақстанның ең қиын кезеңінде барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ел үшін сарп еткен қазақтың арда ұлдары. Бұл тізімді жалғастыра берсе болады, бірақ, мақсат біреуді мақтап, оған жағыну емес.
Мендегі қорқыныш - ендігі буында мұндай іскер, жанкешті, тәжірибелі, мықты кадрлар болмайды-ау. Кілең саудагер, кәсіпкер, бизнесмен, менеджер, пиармен, космополит кадрлар келетін сияқты», - деп жазды ол.