Bugin
«ҚазМұнайГазды» тексеру кезінде жүздеген миллион теңгенің заңбұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«2021 жылдың мамыр айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және оның жекелеген ведомстволық ұйымдарының активтерін басқару тиімділігі бойынша мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру барысында корпоративтік «Нысандарды салу серіктестігі» қоры Түркістан облысында амфитеатр құрылысына бөлінген 307.938.000 теңге (үнем) қаражатты қайтармаған», - делінген мәлімдемеде.
Ал ҚМГ-ға 307.938.000 теңге қаражатты қалпына келтіру және өтеу тапсырылды.