Weekend

Қазіргі қазақ жігіті кімді үлгі тұтады?

Ер Махамбеттің бүгінгі жалғасы кім болмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дамыған елдің қатарына қосыламыз деп әлемдік ақпараттық кеңістікке шығып, соңғы үлгідегі технологияларды пайдаланатын болдық. Озық техника арқылы еліміз дамып жатыр. Бірақ жақсы дүниенің жаман жағы да болатыны сөзсіз. Сол жаңа өзгерістермен бірге мемлекетімізге шет елдің мағынасыз мәдениеті мен дәстүрі енді. Рухани құлдырап, салтымызды ұмытып бара жатырмыз. Ең сорақысы, жігіттердің шашын бояп, сырға тағатынды шығарды. Бұларды көре – көре көз де үйренді. Бұрын сырға таққан жігіт көрсек шулап шыға келетін едік, ал қазір бұл қалыпты жағдайға айналды.

«Заманына қарай қамалы» 21 ғасырдағы қазақ жігіті қандай болуы керек, кешегі ер Махамбаттің бүгінгі жалғасы кім болмақ? Вконтакте парақшасында елдің алдында жүрген 10 ер – азаматтарымызды алып арнайы сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 100 – ден астам адам қатысты. 

Қорытынды бойынша қазақ жігітіне үлгі болар азаматтың бірі айтыскер ақын - Ринат Зайытов.Аламан айтыста талай мәренi бұзып,  өлеңін қалқан қылған шайыр.Бала кезінен ән – жырға қанып өсіп, бүгін де сол ұлттық өнерді наситхап жүр. Келесі Қазақстанның атын әлемге мойындатқан - Данияр Елеусінов.Даниярдың спорттағы жетістіктерін тізбелесек, талай байрақты бәсекеде топ жарды. Ол – ел тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен бірден бір спортшы. Қағылез таланттың жастайынан бокспен шұғылданып, биік белестерді бағындыруына әкесі әрі бапкері Марат Елеусінов зор ықпал етті.2015 жылы Елеусіновтер Отбасы Астанада қалалық байқауында «Mерейлі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.  38%  дауыспен сауалнаманың көшін бастағанƏлем кубогының иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген спортшы - Ардақ Назаров. Өте еңбекқор, елінің нағыз патриоты. Қоғамдағы жат ағымның жетегіне еріп, не болмаса, темекі тартып, арақ ішіп жат қылықтарды жанына серік еткен жастар көптеп кездеседі. Осы тұста оларға дұрыс жол нұсқап, оларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу  үшін Ардақ Назаров өз мектебін ашты жәнежастармен жиі кездесіп, өмірлік тәжірибиесімен бөлісіп, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеп жүр.  Сонымен қатар сауалнаманың алдыңғы қатардан орын алған жігіттер қатарында Мұхамеджан Тазабек,  Сәкен Майғазиев, Асылхан Төлепов бар.

Қазақ жігітінің құны 100 жылқы, ары 1000 жылқы. Қай кезеңде болсын қазақ жігіті жүрегіндегі иманын, бойындағы тектілігін, қанындағы намысын, темірдей төзімін, жарына адалдығын, отбасы алдындағы абыройын жоғалтпауы шарт.