Bugin
Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Айнұр Қоскинамен болатын сотқа келмеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«Экс-мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты арызым бойынша сот отырысы 19 қаңтарға шегерілді. Оған себеп – Тілеуханның ішкі істер бөліміне келмеуі. Адвокаты бастапқыда оның емделіп жатқанын, кейіннен қала сыртында екенін айтты. Хаттама жасаған инспектор да депутаттың науқастанып, басқа қалаға кеткенін жеткізді. Жауапқа тартылатын адам келмегендіктен, отырыс кейінге шегерілді», - деді журналист Facebook-те.