Қоғам
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемді жаңа пандемияға дайындалуға шақырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қауымдастық 2022 жылдың ортасына дейін әлем халқының 70 пайызын коронавирусқа қарсы вакцинациялай алмайды.Сондықтан әрбір елмониторинг, ерте анықтау және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салу, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайту арқылы келесі пандемияға дайындалуы керек.
«Бұл өте ұят. Бірақ табысы жоғары елдерде вакцинация деңгейі Африка елдерімен салыстырғанда жеті есе жоғары. Бізге дәл қазір вакциналарды таратуда әділдік керек» - деді бас хатшы.
Бас хатшы атап өткендей, барлық елдер мен өндірушілер COVAX механизмі үшін вакциналарды жеткізуге басымдық беріп, бүкіл әлем бойынша сынақтардың, вакциналар мен емдеудің жергілікті өндірісін қолдауы керек.