Мәдениет

1 млрд. тыңдалым: Imanbek Spotify сервисінің арнайы сыйлығына ие болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық диджей Imanbek Spotify сервисінің арнайы сыйлығына ие болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Ресурстың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, Imanbek - ТМД бойынша трегі 1 млрд-тан аса мәрте тыңдалған тұңғыш музыкант. Ол бұл межеге өткен жылдың қазан айында жеткен.

ҚазАқпарат мәліметінше, оның Roses-Imanbek Remix атты әуенін тыңдағандар саны бүгінде әлем бойынша 1,5 миллиардтан асып кетті.