Қоғам
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасына заң бойынша қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлан Тұрғымбаев қаңтарда террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тапқанын, 2911-і жарақат алғанын атап өтті. Ерлікпен қаза тапқандар II және III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Олардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілді.
«Одан бөлек, заң бойынша, қызметтік міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкерлердің отбасына 5 жыл ақшалай өтемақы, сондай-ақ жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.