Қоғам

Биыл көлік бағасы 8-10 процентке қымбаттауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл көлік 8-10 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Хабар24 мәліметінше, былтыр Қазақстанда көлік 24 процентке қымбаттады.

Осылайша кейінгі бес жылдықтағы рекордтық өсімді көрсетті. Утилизациялық алым азайғанымен, бағаның шарықтау тренді биыл да жалғасады. «ҚазАвтоПром» одағы төрағасының орынбасары Артур Мискарян осындай пікірде.

Оның айтуынша, қымбатшылық жалғыз Қазақстан емес әлемдік үрдіске айналды. Өйткені жаңа көліктің өндірісі сұранысты жаба алмай жатыр. Кідіріске әсер еткен факторлар әлі жойылған жоқ.

Ал отандық зауыттар ішкі нарықтың 59 процентін ғана қанағаттандыра алады. Қалғаны импортқа тәуелді.

«Егер әлемде автокөлік өндірісі қалыпты жұмыс істеп, электронды микросхема тапшылығы мен тасымал мәселесі қиындап кетпесе, көлік 8-10 процент деңгейінде қымбаттайды. Бұл ең жағымды болжам. Пандемиялық тәуекелдер тағы бар. Егер шектеулер күшейіп, тосын жағдайлар орын алса, бағаның қалай құбылатынын болжау қиын» - дейді Артур Мискарян.