Қоғам
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында жасаған баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы Қазақстан арнасына сілтеме жасап.
«Қазақстанда «омикрон» тез таралып, бүгінде Түркістан облысынан басқа өңірлер «қызыл» аймақта. Эпидемиологиялық көрсеткіш коронавирустың «омикрон» түрінің таралуын растап отыр. Соңғы айда ауру 19,6 есе, COVID-19-ға тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе өскен. Тәулігіне 50 мыңнан астам тест жасалуда», - деді министр.
Дегенмен ауру көбейсе де, соңғы айда өлім-жітім аз. Яғни 2,5 есе төмендеген.
Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында ауру 32 есе өсіп, тестілеу ең жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр. Тәулігіне 10 мыңнан асады.